Иран Президенті: АҚШ-тың теңіз қарақшылығы – сорақылық
Қар 04, 2021 20:08 Asia/Almaty
Раиси: "АҚШ-тың теңіз қарақшылығы сорақы әрекет болды",-деді.
Раиси Теһранның шығысындағы Семнанда өткен 13 абан жиынында сөз сөйлеп, Сақшылар корпусының америкалық кеменің бір танкерден Иран мұнайын ұрлау амалына кедергі жасағанына алғыс айтып: "Америкалықтардың теңіз қарақшылығы қоғамдық пікірдің даттауына ұшырады. Ал Сақшылар корпусының дер кезінде қимылдауы алғысқа бөленді",-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ, Теһранның 4+1 тобымен АҚШ-тың Иран халқына қарсы зұлым санкцияларын жою туралы келіссөздерді жалғастыратынына тоқталып: "Үкімет Иран халқының талап-тілегінен, яғни зұлым санкцияларды жою құқығынан бас тартпайды",-деді.
Тегтер