Мәскеу Ресейдің Украинаға басып кіру жоспары туралы айыптауларға реакция білдірді
(last modified Fri, 12 Nov 2021 09:37:49 GMT )
Қар 12, 2021 15:37 Asia/Almaty
  • Мәскеу Ресейдің Украинаға басып кіру жоспары туралы айыптауларға реакция білдірді

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мәскеудің Украинаға әскери шабуыл жасауды жоспарлап отырғаны туралы АҚШ-тың мәлімдемесіне реакция білдірді.

Дмитрий Полянский бұл мәлімдемені теріске шығарып: «Ресейдің мұндай жоспары жоқ.  Украина немесе кез келген басқа тарап  ұлттық егемендігімізді қорғауға мәжбүрлемейінше біз әрекеттенбейміз. Украина көптеген қауіптерді тудырып отыр. Қара теңіздегі американдық әскери кемелерді ұмытпаңыздар», - деді. 

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның шығысындағы ықтималды соғысқа дайындалуды сылтауратып, АҚШ-тың Қара теңізде әскери жаттығулар өткізу  мақсатын әшкерелеген жағдайда, АҚШ бейсенбі күні Еуропа Одағына: «Ресей мен Еуропа арасындағы босқындар дағдарысы, сондай-ақ жанармай дағдарысы төңірегіндегі шиеленістің күшеюін ескерсек, Ресей Украинаға басып кіруді   қарастыруы мүмкін»,- деген ескерту жасады.