Иран мен Қытай қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i5734-Иран_мен_Қытай_қауіпсіздік_және_қоғамдық_тәртіп_саласындағы_ынтымақтастықтарды_кеңейтуді_қуаттады
Иран ислам республикасының Ішкі істер министрі Қытаймен қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 20, 2016 21:17 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады

Иран ислам республикасының Ішкі істер министрі Қытаймен қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделік танытты.

Иранның Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани Фазли Нью- Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының есірткі заттар әлемдік мәселесі жөніндегі арнайы отырысының ашылу рәсімі аясында Қытайдың үкімет басшысының орынбасарымен кездесуінде екі елдің аймақтық және халықаралық деңгейде лаңкестік, әсірешілдік және есірткі заттармен күресу негізіндегі ынтымақтастықтары туралы сұхбаттасты.

Иранның Ішкі істер министрі мен Қытай үкімет басшысының орынбасары екі жақты ынтымақтастықтардың өзегі ретінде екі елдің халықаралық қылмыстармен күресу келісімшартын күшіне енгізуді қуаттап, полициялық, шекаралық қоғамдық тәртіп саласы және киберлік қылмыстармен күресу негізіндегі ынтымақтастықтарды кеңейту туралы пікір алмасты.

Иран ислам республикасының Ішкі істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының есірткі заттармен күрес жөніндегі арнайы отырысына қатысу мақсатында Нью- Йоркке келді.

Есірткі заттармен күрес жөніндегі арнайы отырыс 19-21 сәуір аралығында БҰҰ- ның Бас Ассамблеясында өтеді.