Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қазақстанға бітімгершілік күштерін жіберу шешім қабылдады
Армения Премьер-министрі Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің жіберілетінін хабарлады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейсенбі күні наразылық акцияларынан кейін Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесу үшін ҮҚШҰ-ның бітімгершілік күштері жіберілетінін хабарлады. Пашинан «Бітімгершілік күштерін қысқа мерзімге енгізу туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша және Қазақстан ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне, оның ішінде шетелдік араласуынан қауіп төніп тұрғанын ескере отырып қабылданды»,- деді.
2022 жылы Армения ҰҚШҰ-на төрағалық етеді. Қазақстандағы жуырда орын алған тәртіпсіздіктерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұйымнан көмек сұрады.
«Интерфакс» агенттігі Ресей парламентінің ТМД қарым-қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашниковтың сөздеріне сілтеме жасап, бітімгершілік күштердің жағдай тұрақтанғанға дейін Қазақстанда қала беретінін хабарлады.