Ердоған мен Тоқаев телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 07 Jan 2022 09:49:36 GMT )
Қаң 07, 2022 15:49 Asia/Almaty
  • Ердоған мен Тоқаев телефон арқылы сұхбаттасты

Түркия Президенті телефон арқылы өзінің қазақ әріптесімен сөйлесіп, қақтығыстардың тез арада аяқталатынына үміт білдірді.

Түркі елдері ұйымының кезекті төрағалығын мойнына алған Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстандағы болып жатқан соңғы оқиғалар жайлы ұйымға мүше басқа елдермен де сұхбаттасты.

Ердоған қазақ әріптесімен сұхбатта өзара сенім негізінде қиыншылықтар шешілетініне үміт білдіріп, Қазақстандағы өзгерістерді жіті бақылап отырғанын айтты.