Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшылары Қазақстан туралы видеоконференция өткізді
Қаң 10, 2022 20:24 Asia/Almaty
Кремльдің баспасөз хатшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының Қазақстандағы соңғы тынышсыздықтар туралы видеоконференция өткенін хабарлады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дмитрий Песков: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен өткен видеоконференцияда Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның басшылары Қазақстандағы жағдайды қалыптандыру жолдарын талқылады»,-деді.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Алматыдағы жағдай салыстырмалы түрде тыныш, алайда лаңкестерге қарсы амалдар жалғасып жатыр.
Тегтер