Пәкістанның Сенат мәжілісі осы елдің үкіметіне ескерту жасады
Пәкістанның Сенат мәжілісі ресми Исламабадқа осы елдің Йемен және Сирияға әскери араласу үшін Сауд Арабиясымен ықтималды ынтымақтастығына қатысты ескерту жасады.
Пәкістан үкімет басшысының сыртқы саясат ісі бойынша кеңесшісі Сартадж Азиз бен СІМ- нің орынбасары Азаз Ахмад Чудри сейсенбі күні Сенат мәжілісіне қатысып, депутаттардың осы ел үкіметінің Сирияға күш аттандыру ықтималы туралы сауалдарға жауап берді.
Пәкістан Сенатының сыртқы саясат комитетіне мүше депутаттар Пәкістан үкіметінен Таяу Шығыстағы, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалға қатысты бейтарап тұрғы ұстанып, Сирияға кез- келген әскери араласудан аулақ болуды талап етті.
Осы отырыста пәкістандық сенаторлар сондай- ақ Таяу Шығыс дағдарысы мәселесінде үкіметтің Пәкістанның ұлттық мүддесін қорғауға назар аудару қажеттігін қуаттады. Сартадж Азиз және Азаз Ахмад Чудри Сенат мәжілісінің сыртқы саясат комитетінің мүшелерін Исламабад үкіметінің Сирия мен Йеменге әскери араласу үшін ешқандай шешім қабылдамағанына сендірді.
Сауд Арабиясы жуықта лаңкестікпен күресті мақсат еткен 34 елден құралған коалицияға жетекшілік ететіндігі туралы уәж айтқан болатын.
Дегенмен Пәкістан сияқты елдер осы коалициядағы рөлін жаттықтыру және кеңес беру миссияларынан артық өрістетуді ниет етпейді.