Ресейде Германияның Deutsche Welle арнасының жұмысы тоқтатылды
https://itolqyn.com/news/world-i58750-Ресейде_Германияның_deutsche_welle_арнасының_жұмысы_тоқтатылды
Ресей бейсенбі күні Германия үкіметінің Мәскеуге қарсы шарасына жауап ретінде осы елдің Deutsche Welle арнасының Ресейде таралуын тоқтатты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 04, 2022 17:49 Asia/Almaty
  • Ресейде Германияның Deutsche Welle арнасының жұмысы тоқтатылды

Ресей бейсенбі күні Германия үкіметінің Мәскеуге қарсы шарасына жауап ретінде осы елдің Deutsche Welle арнасының Ресейде таралуын тоқтатты.

Ресей СІМ өз мәлімдемесінде: "Германияның Deutsche Welle арнасының Мәскеудегі кеңсесін жабу, оның тілшілерінің жұмысқа рұқсаттарының күшін жою және елде оның бағдарламаларын таратуды тоқтатуға бұйрық берілді",-деп мәлімдеді.   

Ресей СІМ: "Бұл тек Германияға жауаптың бірінші қадамы. Қазіргі таңда   Германияда Ресейдің Russia Today арнасының таралуына тыйым салынғанына әсер еткен адамдар мен ұйымдардың тізімі жасала бастады",-деді.