Зариф Мюнхенге аттанды
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Сирияны қолдау халықаралық отырысы мен Мюнхендегі Қауіпсіздік отырысына қатысу үшін Германияға аттанды.
Иранның дипломатиялық органының басшысымен бірге Германияға Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Амир Абдоллаһиян да аттанды. Сирияны қолдау халықаралық отырысы бүгін, бейсенбі күні Германияның Мюнхен қаласында өтеді.
Сирия үкіметінің қарсыластары мен лаңкестік топтардың тізімін анықтау "сириялық-сириялық" келіссөздердің келісімге жету жолындағы басты кедергілердің бірі саналады. Кейбір аймақтық елдер лаңкестік топтарды осы отырысқа қатысатын келісуші қарсылас топтар ретінде таныстыруды сұрап отыр. Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Мюнхен отырысы өткізілгеннен кейін Женева бейбітшілік келіссөздерін қайта бастау үшін мүмкіндік туындайтынына үміт білдірді.
52-ші Мюнхен Қауіпсіздік отырысы 12-14 ақпан күндері Германияның Мюнхен қаласында өтеді. Бұл отырысқа әлемдік басшылардан 23 адам, ондаған Сыртқы істер министрі, соның ішінде, Иран мен Арабстан Сыртқы істер министрлері қатысады.