Американың Огайо штатының маңынан ұжымдық өлімге ұшырағандардың мәйіттері табылды
Сәу 23, 2016 20:18 Asia/Almaty
Американың Огайо штатының оңтүстігінен бір отбасының сегіз мүшесінің мәйіті табылды. Полицияның айтуынша олардың барлығы бастарынан атып өлтірілген.
Огайоның полиция қызметкерлері кеше жұма күні осы штаттың бір ауылдық аймағынан атып өлтірілген бір отбасының сегіз мүшесінің мәйіті табылғанын мәлімдеді. «The New York Times» газеті: "Отбасыдағы ана жаңадан дүниеге келген нәрестесімен бөлмеде ұйықтап жатқан күйде атып өлтірілген. Осы оқиға бойынша қылмыскерлер әзірше ұсталған жоқ" деп жазды.
Тегтер