Мәскеуде ирандықтардың Наурыз мерекесі өтті
Жаңа жылдың басталуына орай Ресейде тұратын ирандықтар жиналды
.
Түрлі мәдени және өнер бағдарламалары бар бұл рәсім жаңа жылдың алғашқы күндерінде ИИР елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеу Ислам орталығында өтті. Сороуш Моулана дәстүрлі музыка тобы мен Табриз Ислам өнері университетінің өнерпаздары жақында Мәскеудің маңызды мәдениет және өнер орталықтарында ресейліктерге Иран-ислам өнерін көрсетті. Олар ирандықтардың мерекесінің қонақтары болды. ИИР Ресейдегі елшісі Казем Джалали бұл рәсімде: «Келер жыл екі ел арасындағы қарым-қатынаста қарқынды және жемісті жыл болмақ»,- деді. Бұл мерекеде жиналғандарға Ислам революциясы жетекшісі мен Иран Президентінің Наурыз жолдауынан үзінді көрсетілді. Мәскеу Ислам орталығының басшысы Акбари Джеди де алдағы жыл Изан халқы үшін табысқа толы жыл болатынына сенім білдірді.