Мәскеу Түркияның ИСИМ-мен жасырын байланыс орнататынын хабарлады
Ақп 11, 2016 22:45 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрінің айтуынша, Ресей Түркияның ИСИМ лаңкестік тобымен жасырын түрде байланыс орнатқаны туралы мағлұматтарға ие.
Сергей Лавров: "Түркия мен ИСИМ қазіргі жағдайда әрекет ету жолдарын қарастырып жатыр. Себебі мұнай контрабандасының бұрынғы жолдары Ресей әуе күштерінің шабуылдары кезінде жабылды" деді.
Ресей қайраткерлері бұдан бұрын да бірнеше рет ИСИМ-нің Түркияға заңсыз түрде мұнай сататыны туралы құжаттар жариялады. Қаңтар айының соңында сионистік режимнің Соғыс министрі Моше Яалон да ИСИМ күштерінің Түркияның ақшасының арқасында тіршілік етіп жатқанын ашық түрде мәлімдеген болатын.
Тегтер