Қытай Ресейге қарсы санкциялардың жан-жақты салдары жайлы ескертті
Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы Ресейге қарсы санкциялардың ауқымды теріс əсері болатынын ескертті.
Чжао Лицзянь, сондай-ақ, АҚШ-тан жаһандық экономикалық жүйенің ережелерін сақтауға жəне оның тұрақтылығын нығайтуға қатысты айрықша жауапкершілік алуын сұрады. АҚШ-тың Украинаға қатынасы ұдайы əлем елдері, соның ішінде Қытайдың сынына ұшырап отыр. Вашингтон əртүрлі елдерді Украина дағдарысына қатысты Ақ үйдің позициясын ұстануға көндіруге тырысады. Осы зорлықшыл талаптан бас тартуға қарсы күресу үшін Ақ үй қаржы-экономикалық санкциялар сияқты құралдарды пайдаланады.
Мұнымен қоса, АҚШ өзінің барлық одақтастарын Ресейге қарсы түрлі санкциялар салуға жұмылдырып, Аустралия сияқты елдер АҚШ-тың аймақтық саясатында өз позициясын нығайту үшін Ресейге қарсы санкцияларды ұдайы арттырып келеді. Жуырда Аустралия Ресейдің 14 мемлекеттік компаниясына санкция салды.
Ресейдің Аустралия сияқты елдермен қарым-қатынас деңгейі қандай екенін былай қойғанда, бұл ел өз санкцияларымен Мəскеуге қысым жасауға тырысып жатыр. Ал халықаралық сарапшылардың ойынша, əлемдік экономика мен халықаралық қатынасқа теріс əсер ететін нəрсе – АҚШ-тың «қырғи қабақ» соғыс сипатындағы көзқарасынан туындап отырған кеңістік.
Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Г. Хафбайер осы туралы: «АҚШ пен оның одақтастарының Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған шаралары осы күнге дейін жеткілікті деңгейде әсер бермеді. Бірақ бұл шаралар әлемнің экономикасына теріс әсер ете алады»,-деді.
Кейбіреулердің пікірінше, АҚШ Украина дағдарысын өршіту арқылы Қытай, Ресей мен басқа аймақтық күштер арасында Шығыс одағының нығаюының алдын алу үшін пайдасыз талпыныстар жасап жатыр. Осылайша Мәскеу мен Бейжіңді ауыздықтау үшін өз күш-қабілетін көрсеткен түрі.
Шығыс елдері мен Ресейдің одақтастары арасына іріткі салу, оларды АҚШ-тың Мәскеуге қарсы саясатына жақтасуға мәжбүрлеу және АҚШ-тың Мәскеуге қарсы позициясын нығайта түсу – Ақ үйдің Украинада соғыс отын өршітудегі маңызды мақсаттарының бірі. Ал бұл жағдайда америкалықтардың мойындауы бойынша, Вашингтон өз мақсаттарын орындауда сәтсіздікке ұшырады.