Газпром Еуропаға Польша арқылы газ тасымалдауды тоқтатты
https://itolqyn.com/news/world-i60994
Газпром компаниясы Польша территориясынан Германияға жалғанған Ямал газ құбыры арқылы Еуропаға газ тасымалдауды тоқтататынын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 13, 2022 14:04 Asia/Almaty
  • Газпром Еуропаға Польша арқылы газ тасымалдауды тоқтатты

Газпром компаниясы Польша территориясынан Германияға жалғанған Ямал газ құбыры арқылы Еуропаға газ тасымалдауды тоқтататынын хабарлады.

Ресей 30 еуропалық компания, соның ішінде Польшаның «Европолгаз» компаниясына қарсы санкция салғаннан кейін Газпром Польша арқылы газ экспорттауды тоқтатуға шешім қабылдады. Европолгаз компания Ямал газ құбырының польшалық бөлігін басқарады.

Ямал-Еуропа трансұлттық газ құбыры Ресей, Беларусь, Польша және Германия жерінен өтеді. Құбыр арқылы жылына 32,9 млрд текше метр газ тасымалданады.