Maм 15, 2022 18:33 Asia/Almaty

АҚШ-тың ақпарат құралдары жексенбі күні таңертең Нью-Йорк штатының солтүстігіндегі Буффало қаласында атыс болғанын хабарлады.

Полицияның айтуынша,  өзін «ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтын адам» деп санайтын кісі бір супермаркетте клиенттерге оқ жаудырды. Шабуылдаушы полициямен қақтығыстан кейін қолға түсті.

Ол сенбі күні Буффало қаласында супермаркетке кіргеннен кейін өз әрекетін интернетте тікелей эфирде таратып, қара нәсілді клиенттерге қарай оқ жаудырды.  Осы атыста кемінде 10 адам қаза тауып, 3 адам жараланды. Оқ кейбір клиенттердің басына тиген. Бірнеше сағаттан кейін Нью-Йорк штатының прокуроры: «FBI бұл оқиғаны «фанаттық қылмыс», «әсіре ұлтшыл экстремизм» деп қарастыратын болады»,-деп мәлімдеді. Шабуылдаушы интернетке 106 беттік онлайн мәлімдеме жүктеп, онда өзінің стимулын «конспирация гипотезасынан» туындаған әрекет деп түсіндірді. Осы гипотеза бойынша, басқа нәсілдер ақ нәсілділердің орнын басып жатыр. Бұл мәлімдемеде ол өзінің 18 жаста екенін, ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтынын және еврейлерге қарсы екенін айтты.

Нью-Йоркте ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтындардың бірінің есеңгірететін жаңа қылмысы тағы да АҚШ қоғамында әсіре оңшылдық қатерінің артқанын айқын көрсетіп отыр. Шын мәнінде АҚШ-тың ішкі саясатында ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтын әсіре оңшыл топтардың рөлі де арта түсті. Бұл топтар қара нәсілділер мен латынтектестер сияқты аз қауымдарға қарсы қатыгез әрекеттерді күшейтіп қана қоймай, мұсылмандар сияқты діни азшылықтарға шабуылдарды одан ары арттырып отыр. Мұнымен қоса, әсіре оңшыл топтар өздерінің саяси қатынастарында АҚШ-тың ішкі саясатына араласуды арттыруды мақсат тұтады. Осындай көзқарас салдарынан АҚШ-тың саяси сахнасында қатыгез оқиғалар болды. Мысалы, 2021 жылы 6 қаңтарда Трамптың әсіре жақтастары 2020 жылғы президенттік сайлау нәтижесінде демократ үміткер Джо Байденнің жеңіске жеткеніне наразылық ретінде Конгреске шабуыл жасады.

АҚШ-та қатыгез және әсіре оңшыл топтардың тарихы ондаған жыл бұрын басталған. Бұл елде наразы адамдар мен топтар осы күнге дейін бірқатар ірі лаңкестік әрекет жасады. Әсіре оңшыл топтар мен қозғалыстар АҚШ-тағы штаттардың әкімшілік өкілеттіктерін жақтаушылар, федералды үкіметтің саясаттарына қарсылар, нәсілдік және діни азшылықтарға қарсы шовинистік топтар, мигранттарға қарсы әсіре оңшыл адамдар, ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтындар және конспирация гипотезасын жақтайтындардан тұрады.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың сайлануы бұл елде әсіре оңшыл топтар мен белсенділердің жылдам жандануына себеп болды. Әлеуметтік желілер де әсіре оңшылдықты таратуда зор рөл атқарып отыр. Қазіргі таңда АҚШ-та 1600-ден аса әсіре оңшыл топ анықталған деседі.   

Тегтер