Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жолы салынады
Өзбекстан Президенті Еуразия экономикалық одағының жоғары кеңесінің отырысында Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жолын салуға бағдарлама жасалғанын хабарлады.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Еуразия экономикалық одағы жоғары кеңесінің бейнеконференциясында өз елінің бақылаушы мемлекет ретінде аталмыш одақпен әріптестігін дамытатынына тоқталып: "Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жол желісін салуды жуырда бастаймыз",-деді.
Өзбекстан Президенті өз елінің Термезден Пишаварға дейінгі темір жол желісін салу жобасын орындауға дайын екенін мәлімдеді.
Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, темір жол желісі – Азияның оңтүстігіндегі 2 млрд адамдық нарыққа апаратын ең қысқа жол.
Мирзиеев Өзбекстанның Еуразия экономикалық одағымен әріптестігін дамытуға ынталы екенін айтып: "Одақпен әріптестік жасау Ташкент үшін өте маңызды. Өйткені осы одаққа мүше елдер – біздің табиғи серіктестеріміз",-деді.
Еуразия экономикалық одағына мүше Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Арменияның жалпы халық саны – 190 млн адам.