БҰҰ: Украинадағы соғыста осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i61630
БҰҰ бас хатшысының өкілі: «Осы уақытқа дейін Украинадағы соғыста 4253 ер, әйел және бала қаза тапты»,- деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2022 17:04 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Украинадағы соғыста осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам адам қаза тапты

БҰҰ бас хатшысының өкілі: «Осы уақытқа дейін Украинадағы соғыста 4253 ер, әйел және бала қаза тапты»,- деп хабарлады.

 

Украинадағы соғыс төртінші айға аяқ басты және Украинаға қару-жарақ жөнелтілу жалғасуда. Ресей АҚШ пен Еуропаның Украинаға әскери техникасының жеткізілуі қақтығысты ушықтыруы және болжауға болмайтын салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик те сейсенбі күні Украинадағы соғыста 5 мыңнан астам адам жараланғанын айтты.

Мәскеу Батыс елдеріне Украинаны қаруландыру, сондай-ақ адам құқықтарын бұзу және Украинаның шығысында тұратын ресейліктерге украин күштерінің шабуылдары туралы бірнеше рет ескертті.