Батыстың Иранға қарсы ядролық дискриминациясы
(last modified Sat, 11 Jun 2022 14:50:16 GMT )
Маусым 11, 2022 20:50 Asia/Almaty
  • Батыстың Иранға қарсы ядролық дискриминациясы

Халықаралық қауымдастықтың, әсіресе Батыстың Иран мен Израильдің ядролық іс-әрекетіне қатысты әрекеттерін салыстырмалы түрде зерттеу Иранға қарсы ядролық дискриминацияның тағы бір көрінісін көрсетеді.

 

Иран Таяу Шығыстағы ядролық қаруды денуклеаризациялау жоспарының негізін қалаушы және Ядролық қаруды таратпау шартының (NPT) мүшесі ретінде Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен (АҚХА) ең көп ынтымақтастыққа ие болуына және кейбір жағдайларда ол өзінің адалдығын көрсету үшін өз міндеттемелерінен тыс әрекеттенгенімен бұл істер Батыстың саяси және ақпарат орталарында толығымен көрсетілмеді. Керісінше, Иранның ядролық ынтымақтастығын шектеуге шоғырланып және бұл туралы БАҚ-та шу шығару арқылы (негізінен басқа тараптардың міндеттемелерін бұзуына жауап ретінде) олар Иранды  ядролық міндеттемелерін бұзушы ретінде көрсетті. Керісінше, Израильдің ядролық саясатының негізі құпиялылыққа негізделгеніне, осы уақытқа дейін бұл режим NPT  қол қоймаған  және  ядролық нысандарын тексеруге рұқсат бермегеніне қарамастан,  БҰҰ мен Батыс шенеуніктерінің сөздері мен  есептерінде, тіпті бұл елдердің БАҚ-тарында бұл мәселелер көтерілмеді. Керісінше бұл ақпарат құралдарда бұл режим өзінің барлық ядролық міндеттемелері мен жауапкершілігін орындағандай көрсетілуде. Енді сионистік режим басқалардың қызметін бақылай алатын және АҚХА-нің бақылаушы құралы ретінде әрекет ете алатын жағдайға жетті деп санайды.

Шын мәнінде, бұл әрекет Израильдің ядролық құпия саясатын жалғастыруға және ядролық апартеидті насихаттауға көмектесті. Егер олар әуел бастан Иранның бейбіт ядролық әрекеттеріне қандай көзқараста болса, әскери мақсаттарды көздеп келе жатқан сионистік режимнің құпиялылық саясатына де дәл сондай көзқараста болғанда, қазір аймақта осыншалықты тұрақсыздық пен сенімсіздіктің куәсі болмайтын едік және олар аймақтан асып, бүкіл әлемге таралмас еді.