Украина мен Ресей әскери тұтқындармен алмасады
https://itolqyn.com/news/world-i6181-Украина_мен_Ресей_әскери_тұтқындармен_алмасады
Украина Президенті елінің Ресей үкіметімен әскери тұтқындармен алмасу туралы келісім жасағаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 25, 2016 14:07 Asia/Almaty
  • Украина мен Ресей әскери тұтқындармен алмасады

Украина Президенті елінің Ресей үкіметімен әскери тұтқындармен алмасу туралы келісім жасағаны туралы хабарлады.

«Спутник» агенттігінің мәліметі бойынша, Украина Президенті Петр Порошенко жексенбі күні Украина мен Ресейдің әскери тұтқындармен алмасуға келіскенін мәлімдеп: «Украинаның ұшқышы Надежда Савченко алдағы аптада елге оралады. Украинаның тұтқынындағы екі ресейлік азамат та Ресейге қайтады»,- деді.

Өткен аптаның басында Владимир Путин өзінің украиналық әріптесімен украиналық ұшқыштың жағдайы туралы телефон арқылы сөйлесті.