Ауа температурасының көтерілуі Еуропада өрттің таралуы мен үйлерді эвакуациялауға әкелді
Испания, Хорватия және Грецияда өрт көбейіп барады. Францияның оңтүстік-батысында 14 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Францияның Жирон аймағында өрт шарпыуда. Бұл елдің оңтүстігінде ауа температурасы Цельсий бойынша 41 градусқа жетеді деп күтілуде. Испанияның оңтүстігінде үш мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Испаниядағы кем дегенде екі өртте жеті мың гектардан астам жер шарпылды. Португалияда ауа температурасы 47 градусқа жетіп, 3 мың гектардан астам жер мен орман өртеніп кеткен. Грекияның солтүстік жағалауындағы ең үлкен және халқы ең көп аралы Критте үлкен өрт шықты. Түркияның оңтүстік-батысындағы және Хорватияның Адриатикалық жағалауындағы кейбір аудандар да өртке оранды.