Қытайдың жүк пойызы Қазақстан арқылы Иранға бара жатыр
Қытайдың экспорттық тауарларын тиеген пойыз осы елдің солтүстік-батысындағы Шэньси облысынан Иранға жіберілді.
Ең жаңа тауарлар партиясы Қытайдың халықаралық бағыты арқылы Қазақстан мен Иранға жіберілді.
Қытайдың экспорттық тауарларын тиеген пойыз Сиань халықаралық стансасынан Иранға жіберілді. Ол жолда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қорғастан өтеді.
Қытайдың экспорттық тауарлары Қазақстанның Ақтау айлағында кемеге тиеліп, Иранның солтүстігіндегі Анзалиге тасымалданады.
Шэньси халықаралық инвестициялық және логистикалық компаниясының директоры Ding Xiaoming-дің айтуынша, бұл пойызда құны 1 млн 230 мың евро тұратын 50 тауар контейнері бар.
Жүк пойызын іске қосу Қытайдың Шэньси облысы мен Батыс Азия аймағы арасындағы сауда-саттық үшін арзан жол саналады.