Киев Алекстандр Дугиннің қызының өліміне қатысын теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i63404-Киев_Алекстандр_Дугиннің_қызының_өліміне_қатысын_теріске_шығарды
Украина Президентінің кеңесшісі: "Путиннің жақын одақтасы Алекстандр Дугиннің қызының жол апатында қаза табуының Киевке еш қатысы жоқ",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 22, 2022 18:46 Asia/Almaty

Украина Президентінің кеңесшісі: "Путиннің жақын одақтасы Алекстандр Дугиннің қызының жол апатында қаза табуының Киевке еш қатысы жоқ",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Подоляк жексенбі күні кешке: "Путиннің жақын одақтасы Алекстандр Дугиннің қызы әрі ресейлік тілші Дарья Дугиннің жол апатында қаза табуына Киевтің еш қатысы жоқ",-деді.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жексенбі күні: "Егер Украинаның Дарья Дугиннің өліміне қатысы бары расталса, бұл мәселе Киев үкіметінің мемлекеттік терроризм саясатын ұстанып отырғанына меңзейді",-деп мәлімдеді.