Қыр 09, 2022 16:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Келісім нәтижеге жету үшін АҚШ мәтінде бұлыңғыр сөздер қолданудан бас тартуы керек

Иран Сыртқы істер министрі: "Келісім ең қысқа мерзімде нәтижеге жету үшін АҚШ мәтінде бұлыңғыр сөздер қолданудан бас тартуы керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Қытай Сыртқы істер министрі Ван И телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер және санкцияларды жоюға қатысты келіссөздер туралы пікір алмасты.

Амир Абдуллахиан: "Біз бұрынғыдай тиімді, тұрақты әрі мықты келісім жасалуын қалаймыз. Бірақ келісім ең қысқа мерзімде нәтижеге жету үшін АҚШ мәтінде бұлыңғыр сөздер қолданудан бас тартуы керек",-деді.

Ван И осы телефон арқылы сұхбатта халықаралық сахнадағы біржақтылықты теріске шығарып, ядролық келіссөздерде Иранның қисынды талаптарын қолдап, заңды құқықтарға қол жеткізуді Иранның құқығы деп атады.

Тегтер