Қыр 10, 2022 04:10 Asia/Almaty
  • Патшайым Елизабет II-нің қайтыс болуы мен Чарлз III-нің таққа отыруы: Ұлыбританиядағы патшалық жүйенің түйткілдері

Ұлыбритания патшайымы Елизабет II 70 жыл ел басқарып, 96 жасында дүниеден өтті. Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасап, осы ел патшайымының қайтыс болғанын хабарлады. Осылайша оның 73 жастағы ұлы Чарлз III ресми түрде патша тағына отырады.

Елизабет II 95 жасында тәжі мен тағын ұлына тапсырамын деп айтқан болатын. Ол өмірінің соңғы жылдарында патша өкілдіктерінің айтарлықтай бөлігін патша әулетінің жастау мүшелеріне тапсырған болатын. Бірақ өз лауазымынан бас тартпады.  Елизабет II 1926 жылы 21 сәуірде дүниеге келген. Әкесі Джордж VI қайтыс болғаннан кейін  1952 жылы 6 ақпанда патша тағына отырып, 70 жыл бойы басқарды. Осы күнге дейін  Британия тарихында ең ұзақ патшалық еткен адам болды. Енді Чарлздің билік құратын кезі жетті. Ұлыбританияда патша лауазымы номиналды сипатта дегенмен, оның өкілеттігіне шолу жасағанда Ұлыбритания патшасының айтарлықтай өкілеттіктерге ие екенін көруге болады. Патша соғыс жариялай алады, Парламентті тарата алады, Премьер-министрді отставкаға шығара алады, тіпті жауап күтпестен өзі қалаған адамды Премьер-министр лауазымына тағайындай алады. Ол айрықша артықшылықтарға ие. Егер басқа бір елде біреу осындай артықшылықтарға ие болса, британдық ақпарат құралдары мұны кемсітушілік, демократиялық емес биліктің үлгісі деп тәпсірлер еді.

Ұлыбританияда патшалық жүйе ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқса да, соңғы бірнеше онжылдықта түрлі себептерге байланысты елде осы жүйеге қарсылық артты. Соның ішінде патша әулетіндегі ақлақтық азғындық пен ажырасу жайттарының көбеюі, патша әулетіндегі үйлену және жаназа рәсімдеріне орасан зор қаражаттың жұмсалуы, олардың мемлекет бюджетінен түрлі қаражат алуына тоқталуға болады.

Ұлыбританиядағы патша әулетіне қатысты көңіл аударуға тұрарлық тағы бір мәселе – онда түрлі пікір қайшылықтарының болуы. Мысалы, патшайым Елизабет II-нің немересі принц Гарридің жұбайы Меган Маркл 2020 жылы наурызда берген сұхбатында бұл әулетте нәсілшілдіктің барын ашық айтқан.

Ұлыбританияда патшалық жүйені жою туралы талаптар көбейсе де, билік патшайым Елизабет II-ден Чарлз III-ге берілгелі жатыр.