Бандар бен Аббастың әйелі 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты болып шықты
Ұлыбританиялық газеттердің бірі Сауд Арабиясының Вашингтондағы бұрынғы елшісі Бандар бен Сұлтанның әйелінің 2011-ші жылдағы 11-ші қыркүйек оқиғасына қатыстылығы туралы хабарлады.
Ұлыбританиялық The Independent газеті сейсенбі күні Вашингтондағы Сауд Арабиясы елшілігінің бірқатар мүшесінің 11-ші қыркүйек шабуылын іске асырған саудиялықтармен қатысты болғандығына тоқталып: «Бұл адамдардың бірі Бандар бен Сұлтанның әйелінен ақша алған болатын»,- деп қуаттады.
The Independent газетінің жазуынша 11-ші қыркүйек шабуылын іске асырған Ғасан әл-Шарби, Навоф әл-Хамзи мен Халед әл-Манзар Вашингтондағы Сауд Арабиясының елшілігімен қарым-қатынаста болған. The Independent газеті сонымен бірге 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты құпия құжаттарды жариялауға қатысты өтініштердің артуына тоқталып: «Нью-Йорктің сол кездегі әкімі Ради Джулиани құпия құжаттарды жариялауды қолдаушылардың бірі»,- деп қуаттады. Джулиани осыдан бұрын Сауд Арабиясына қарсы кезкелген айыптауды теріске шығару үшін саудиялық ханзадалардың оған 10 миллион долларлық чек бергені туралы айтқан болатын.