Қыр 22, 2022 17:56 Asia/Almaty
  • Ресей: Украина армиясы соғыста ауыр шығынға ұшырады

Ресей Қорғаныс министрі: «Украина армиясы осы елде болған соғыста ауыр шығынға ұшырады»,-деп баса айтты.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: «Украинада соғыс басталғаннан бері осы ел армиясынан 61 мың әскери қаза тауып, 49 мыңнан аса адам жараланды»,-деп хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы 24 ақпанда Ресей  Украинада арнайы әскери операция бастағалы бері Украина армиясына тиесілі 293 ұшақ, 155 тікұшақ, 1973 ұшқышсыз ұшақ, 375 әуе-қорғаныс кешені, 4998 танкі мен басқа да бронды көліктер, 837 көпқырлы зымыранатқыш, 3393 далалық артиллерия мен минемет жүйесі және 5640 әскери мотоцикл жойылған.

 

 

Тегтер