Раиси: Иранға қарсы көтерілген қорғаныс талаптар жарамсыз
(last modified Fri, 23 Sep 2022 08:41:38 GMT )
Қыр 23, 2022 14:41 Asia/Almaty
  • Раиси: Иранға қарсы көтерілген қорғаныс талаптар жарамсыз

ИИР Президенті: «Иранға қарсы қауіпсіздік талаптар негізінен заңсыз сионистік режимнің талаптары негізінде жатыр»,- деді.

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша,   Раиси АҚШ-тың  ақпарат құралдарының бір топ жоғары лауазымды басшыларымен кездесуінде Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның ядролық әрекеттеріне қатысты соңғы ұстанымдарын техникалық емес саяси және Батыс пен сионистік қысымның ықпалында деп атап: «Агенттік тарапынан зерттеліп, негізсіз деп танылған ұқсас талаптарды қайта қою «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жаңғыртуды кейінге қалдыруға арналған саяси сылтау ғана болып табылады»,- деп мәлімдеді. Иран президенті тағы бір қатысушының Ирандағы бойжеткеннің өліміне қатысты дау туралы сұрағына сұрағына: «Бұл оқиғаның себебін заңдық және мамандандырылған органдар зерттеп жатыр. Мен оның себебі туралы құзырлы органдардың  түпкілікті мәлімдеме жасағанын қалаймын»,- деп жауап берді.