Қыр 26, 2022 16:05 Asia/Almaty
  • Луганск: Ресейге қосылу туралы референдумды аяқталды деп санауға болады

Украинаның шығысындағы Лугансктың референдум комитеті осы облыс тұрғындарының Ресейге қосылуға басым дауыс бергенін хабарлады.

Луганск, Донецк, Херсон мен Запорожьені Ресейге қосу туралы референдум жұма 23 қыркүйекте басталып, сейсенбі 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Ресейдің қолдауына ие болып отырған жергілікті басшылардың айтуынша,  Мəскеудің бақылауындағы украиналық аймақтарды Ресейге қосу туралы референдум жұма, 23 қыркүйекте басталды.

Ресейді жақтайтын Луганск референдум комитеті жексенбі күні кешке: "1 млн-нан аса адам Ресейге қосылу туралы референдумда дауыс берді",-деп мәлімдеді.Комитеттің мəліметі бойынша, референдумның үш күнінде 76,09 пайыз дауыс беруші қатысты, сондықтан Ресейге қосылу референдумын аяқталды деп санауға болады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: "Референдум нəтижесінде Ресей жеріне қосылатын Украинаның кейбір аймақтары Мəскеудің толық қолдауына ие болады",-деді.