Оман Сыртқы істер министрі Иранның Бақер Намазиді тапсыру әрекетін жоғары бағалады
Қаз 05, 2022 17:14 Asia/Almaty
Оманның Сыртқы істер министрі Теһранның ізгі ниеті мен Иранның Бақер Намазиді Маскатқа тапсыру әрекетіне ризашылығын білдірді.
Бақер Намази тегі ирандық америкалық азаматтар шамамен алты жыл бұрын Иранда дұшпандық АҚШ үкіметімен ынтымақтастық жасады деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оман Сыртқы істер министрі әл-Сайед Бадр әл-Бусаиди сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Теһранның Оман билігіне деген ізгі ниеті мен Иранда тыңшылық жасағаны үшін сотталған Бақер Намазиді Оман еліне тапсырудағы ИИР шешіміне алғыс айтып, жоғары бағалады.
Тегтер