Ресейдің "Спутник" арнасының басшылары Iran Press ақпарат агенттігін көріп қайтты
Қаз 31, 2022 19:08 Asia/Almaty
Жексенбі күні Ресейдің "Спутник" арнасының басшылары Iran Press халықаралық ақпарат агенттігінің түрлі бөлімдерін аралады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің "Спутник" арнасының халықаралық қатынастар бөлімінің басшы Василий Пушков пен бірнеше сарапшы Iran Press ақпарат агенттігін аралап, телестудия, жаңа медиа, хабар бөлмесі, көпмедиалы өнімдер бөлімдерімен танысты. Оларға агенттіктің орны мен жұмыс істеу тәсілі баяндалды.
Василий Пушков Iran Press ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында агенттіктің жұмыс істеу тәсілі мен хабар өндірісін мақтауға тұрарлық деп атап, осы агенттікпен әріптестік деңгейін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.



