Ходжандта поэзия кеші өтті
https://itolqyn.com/news/world-i65288-Ходжандта_поэзия_кеші_өтті
Тәжікстанның Ходжанд қаласында ИИР елшісінің қатысуымен поэзия кеші өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 04, 2022 18:55 Asia/Almaty

Тәжікстанның Ходжанд қаласында ИИР елшісінің қатысуымен поэзия кеші өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммедмехди Исмаилидің қатысуымен Душанбеде Иранның мәдени апталығы басталып, Ходжанд және Бохтар қалаларында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Ирандық өнерпаздар Ходжанд мәдени-тарихи қаласында бір апта бойы мәдени-көркемдік іс-шаралар өткізетін болады.

Тәжікстанның атақты ақыны Фарзана Ходжанди осы поэзия кешіне қатысты.

Иранның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммедтақи Сабери осы тәжік ақының екі елдің ортақтықтарын баяндаудағы және парсы тілін дамытудағы талпыныстарына ризашылығын білдіріп, Ходжанди ханымға алғысхат табыстады.