Ресей Баренц теңізінде жаттығу өткізді
Сәу 30, 2016 19:51 Asia/Almaty
Ресейдің теңіз күші Баренц теңізінде жаттығу өткізді.
Ресей теңіз күшінің ақпарат хатшысы Вадим Серга Баренц теңізіндегі жаттығудың сәтті өткенін мәлімдеп: "Ресейдің «Ясень» класындағы сүңгуір қайықтарының бірі болып табылатын «Северодвинск» сүңгуір қайығы осы жаттығуда сынақтан өтті. Дайындау операциялары барысында сүңгуір қайықтан атылған зымыран көздеген нысанаға дәл тиді" деді.
Ресейдің теңіз күші 2020 жылға дейін баллистикалық зымырандарды тасу және ұшыру қабілеті бар ядролық сүңгуір 8 қайықты өз флотында пайдалануды жоспарлап отыр.