Амир Абдуллахиан: Атом Қуаты Агенттігінің әрекеті нәтижесіз болды
(last modified Sat, 19 Nov 2022 15:25:19 GMT )
Қар 19, 2022 21:25 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Атом Қуаты Агенттігінің әрекеті нәтижесіз болды

ИИР Сыртқы істер министрі омандық әріптесімен ортақ баспасөз мәслихатында: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқарушылар кеңесінің Иранға қарсы қарар шығарудағы әрекеті конструктивтіқ емес және біз қарсы шаралар қабылдаймыз»,- деді.

Иранның Сыртқы істер министрі бұл баспасөз мәслихатында: «АҚХА өткен аптаның соңында сындарлы емес әрекет жасады. Екі апта бұрын Иран Сыртқы істер министрлігі мен Атом қуаты ұйымының ресми өкілдерінен құралған делегация Венаға барып, Агенттік пен Иран арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісті және олар агенттіктің бас директоры Рафаэль Гроссимен сындарлы кездесу өткізді. Шетелдік күштердің аймақта болуын аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіреді деп есептейміз. Біз шетелдік әскери күштер бүгінде Парсы шығанағы мен Оман теңізінде қауіп-қатерге, аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндірді деп санаймыз. Оман Иранға қатысты тату көршілік саясатын ұстанады және оның маңыздылығын қуаттады»,- деп мәлімдеді.

Әл-Сайед Бадр әл-Бусаиди де кез келген лаңкестік және зорлық-зомбылық әрекеттерді айыптап, елдің ИИР-мен оңды қарым-қатынас жасау талпыныстарын қуаттады.