Еуропада 21 жарым миллион жұмыссыз бар
«Eurostat» деп аталатын Еуропаның статистика басқармасы Еуропада шамамен 21 жарым миллион адам жұмыссыз деп мәлімдеді.
Еуропаның статистика басқармасы өзінің жаңа есебінде шамамен 21 жарым миллион адамның Еуропада жұмыссыз екендігін, іс жүзінде еуропалық Одақтың жұмыссыздық дағдарысына ұшырап отырғанын мәлімдеді.
«Eurostat» жариялаған статистикалық мәліметтер қазіргі кезде Еуропалық Одақта 21 миллион 400 мың адамның жұмыссыз екенін көрсетеді. Солардың 16 миллион 400 мыңы евро аймағында тұрады. Жаңа статистикалық мәліметтер сондай-ақ жастардың жұмыссыздығының евро аймағындағы елдердің көбісіндегі түйткіл екенін аңғартады. Жастардың жұмыссыздық дағдарысы Грекия, Испания, Хорватия, Италия және Португалия елдерінде көбірек кездеседі.