Қар 25, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Ресейлік бомбалаушы ұшақтар Норвег  және Баренц теңіздерінің үстінен ұшып өтті

Ресей Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні кешке 2 Ту-160 бомбалаушы ұшақтың Норвег және Баренц теңіздерінің үстінен Солтүстік полюске жақын жерде ұшып өткенін хабарлады

.

Ресей Қорғаныс министрлігі: «13 сағатқа созылған бұл ұшуды Ресей Әскери-әуе күштері Солтүстік флотының МиГ-31 жойғыш ұшағы сүйемелдеді. Осы 2 стратегиялық бомбалаушы ұшақтың ұшуы кезінде бортта жанармай құю операциялары орындалды»,- деп жариялады.

Ресей Әскери-әуе күштері Арктиканың, Солтүстік Атлантиканың, Қара теңіздің, Балтық теңізінің және Тынық мұхитының бейтарап суларында тұрақты түрде ұшулар жасайды. Ресейлік бомбалаушы ұшақтардың Скандинавия аймағында ұшуы Ресей мен НАТО арасындағы Украинадағы соғысқа байланысты өте шиеленіскен кезде орын алды.  

 

Тегтер