Ялда түні Иран мен Ауғанстанның атынан тіркелді
(last modified Thu, 01 Dec 2022 15:06:06 GMT )
Жел 01, 2022 21:06 Asia/Almaty
  • Ялда түні Иран мен Ауғанстанның атынан тіркелді

Ялда немесе Челле түні Иранның он тоғызыншы рухани мұрасы ретінде ЮНЕСКО-да тіркелді.

Иран мен Ауғанстан бірлесіп дайындаған "Ялда немесе Челле түні" құжаты көптеген ел өкілдерінің сын-пікірлеріне қарамастан, ақырында ЮНЕСКО-ның рухани мұраны қорғауға арналған үкіметаралық комитетінің 17-ші отырысында бекітілді.

Иран "Ялда" ісін 2014 жылы ЮНЕСКО-ға бірнеше ұлтқа тиесілі рухани мұра ретінде тіркеуге тапсырды. Бірақ алты жыл бойы ешбір ел бұл істі қолдауға ниет білдірмеді.

Иран ақырында бұл істі Ауғанстанмен бірге ЮНЕСКО-ға ұсынды.

"Ялда түні" рәсімі 2008 жылы 19 желтоқсанда Иранның ұлттық мұра тізіміне тіркелген болатын.  

"Ялда" ісінде былай делінген: Ялда – Күннің нұры мен жылуының артқаны тойланатын көне мейрам.

Иранның күнтізбесінде солтүстік жарты шардағы қыстық ауысым  1 дей – 22 желтоқсанға белгіленген. Бұл күн осы аймақта күннің ұзару үдерісінің басталуымен тұспа-тұс келеді.