Жел 08, 2022 18:20 Asia/Almaty
  • Батыстың Press TV арнасының хабар беруіне жол бермеу жөніндегі жаңа әрекеті - Иранға қарсы гибридтық соғыстың символы

Францияның Eutelsat спутниктік компаниясы Еуропалық Одақ ағылшын тіліндегі Press TV арнасына санкция салған бірнеше аптадан кейін оны таратуды тоқтатты.

 

Еуроодақ таяуда демократияны қолдаймыз деген желеумен кейбір ирандық тұлғалар мен ұйымдармен бірге Press TV телеарнасына санкция салды.  Ағылшын тіліндегі Press TV жаңалықтар арнасы соңғы жылдары спутниктік қызмет провайдерлері тарапынан жалған сылтаумен талай рет қысымға ұшырады. Eutelsat компаниясының бұл әрекеті халықаралық ережелер мен БАҚ еркіндігіне қайшы келеді, сонымен қатар батыстықтардың сөз және БАҚ бостандығы туралы болжамды ұрандарына да қарсы. Сонымен қатар, өткен аптада АҚШ Иран Телерадио бірлестігінің басшысы мен оның кейбір орынбасарларын, соның ішінде шетелге хабар тарату қызметі орынбасарын санкция тізіміне енгізді. 

Спутниктік қызмет көрсететін француз компаниясының бұл дұшпандық әрекетінен кейін туындайтын сұрақ, «Неліктен АҚШ бастаған Батыс бір жағынан сөз бостандығын қолдап, БАҚ-ты қорғаса, екінші жағынан негізгі ағымға қарсы шығып, басқа көзқарастар мен пікірлерді ұсынатын БАҚ-қа бойкот жариялайды?»

Халықаралық қатынастар сарапшысы Абду әл-Қеис «Еуропалық Eutelsat компаниясының PressTV желісін жер серігінен алып тастау туралы шешімі бұл желінің көзқарасының дұрыстығын, оның қуаттылығын және әлемдегі зұлымдық күштерін жеңгенін көрсетеді»,- деді.  

Еуропаның Иранға қарсы бірнеше кезеңмен жарияланған және жүзеге асырылған соңғы санкцияларының ішінде ең көп назар аударатыны ағылшын тіліндегі Press TV спутниктік арнасына салынған санкциялар. Бұл ақпараттық желі көп жылдардан бері жаңалықтар мен репортаждарды жариялау саласында Батыстың медиа монополиясын бұзу тәсілімен жұмыс істеп келеді, ол  оқиғаларды әрқашан ерекше бағдармен және өз мүдделеріне сәйкес көрсетеді. Бұл мәселе әрқашан Батыс үкіметтерінің ашу-ызасын тудырды және осы себепті олар YouTube, Instagram және т.б. сияқты әлеуметтік желілерде Press TV-ге тосқауыл қою сияқты шараларды қолданды. Сонымен бірге қысым көрсету арқылы олар Press TV арнасының  хабар таратуын жалғастыруға мүмкіндік бермеді.  ИИР Телерадио бірлестігінің  Шетелге хабар тарату бөлімінің басшысы   әоі Press TV директоры Ахмад Наурузи  Press TV телеарнасының Eutelsat спутнигінен алынуын ұят әрекет деп бағалап: «Батыс бұрын да ирандық арналардың бағдарламаларын спутник арқылы таратуды тоқтатуға тырысты және бұл әрекет жаңа мәселе емес»,- деді. Адам құқықтары  туралы жар салатын еуропалықтар  Иран Ислам Республикасына дұшпандық көзқарасымен Иранға қарсы ақпарат құралдардың әрекеттеріне оңай рұқсат береді. Бұл шын мәнінде батыстықтардың, соның ішінде еуропалық елдердің лаңкестік пен адам құқықтары, сондай-ақ сөз және БАҚ бостандығы сияқты мәселелерге екіжүзділігінің тағы бір мысалы.

 
 
 

 

 

Тегтер