Путин ШЫҰ мен ТМД ұйымдарындағы кең ауқымды ынтымақтастықты қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i66104-Путин_ШЫҰ_мен_ТМД_ұйымдарындағы_кең_ауқымды_ынтымақтастықты_қуаттады
Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен жиынға жиналған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Ұйымына (ТМД) мүше елдердің қорғаныс министрлері алдында сөз сөйлеп, осы екі аймақтық ұйымның ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 10, 2022 15:35 Asia/Almaty
  • Путин ШЫҰ мен ТМД ұйымдарындағы кең ауқымды ынтымақтастықты қуаттады

Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен жиынға жиналған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Ұйымына (ТМД) мүше елдердің қорғаныс министрлері алдында сөз сөйлеп, осы екі аймақтық ұйымның ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін айтты.

Путин: «ШЫҰ мен ТМД шеңберіндегі бірлескен іс-шаралар өзара құрмет пен бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге негізделеді және көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, ең алдымен, сыртқы қауіптерден қорғау және халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық»,- деді. Ресей Президенті соңғы бірнеше жылдағы оқиғаларды, әсіресе Батыс блогының басында тұрған АҚШ-тың ШЫҰ-ның екі негізгі мүшесі ретінде Ресей мен Қытайға қарсы тұруға күш салуы және ТМД-ның негізгі мүшесі ретінде Батыстың Ресейге қарсы дұшпандық әрекеттерін ескере отырып, ШЫҰ мен ТМД арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін қуаттады.  

Батыстықтар соңғы жиырма жылда НАТО-ны Шығысқа қарай кеңейтуге және  түрлі-түсті революциялар ұйымдастыру түрінде ТМД-ға мүше елдердің ішкі істеріне араласуға шоғырланды. Бұл тұрғыда Путин былай деді: «АҚШ пен оның одақтастары олармен келіспейтін үкіметтерге қарсы әскери фактор және экономикалық санкциялар мен түрлі-түсті революцияларды пайдаланып, әлемнің әртүрлі аймақтарында шиеленіс пен қақтығыстарды күшейтуде. Сондықтан бұл екі ұйымның, әсіресе қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінде ынтымақтастығы Батыстың қастандық әрекеттерін тиімді түрде бейтараптандыруы мүмкін».

Бұған қоса, соңғы бірнеше жылда АҚШ Қытайды Азия-Тынық мұхиты аймағында экспансионизммен айыптаумен қатар адам құқықтарын сылтауратып, оған үлкен қысым жасап, Бейжіңге қарсы ауқымды саяси үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Батыстың бұл шаралардағы мақсаты – Қытайды тежеу және ұстау және 21 ғасырда негізгі экономикалық және коммерциялық аймақ ретінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үстемдігін жалғастыру. Путин батыстықтардың саяси, экономикалық, қаржылық, әскери және идеологиялық үстемдігін сақтап қалу талпыныстарының жалғасуымен әлемде дағдарыстар үздіксіз артып келеді және осы себепті батыстықтар әлемді бұзады деп санайды. Әрине, Ресей екеуіне де мүше болып табылатын ШЫҰ мен ТМД мүше елдердің мүмкіндіктері мен әлеуетін ескерсек, Бұл екі ұйым бір-бірімен әртүрлі салаларда ынтымақтаса отырып, қабілеттерін еселей алады.