Лавров: Батыс Ресей мен Қазақстан арасына іріткі салуды қалайды
Ресей Сыртқы істер министрі Қазақстанның "Хабар-24" арнасына берген сұхбатында: "Батыс Ресей мен Қазақстан арасына іріткі салуға себеп табуға талпынып жатыр",-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров осы сұхбатта: "АҚШ пен Еуроодақ өкілдерінің Кеңес одағынан кейінгі кеңістікті өзгертуді қаншалықты қалайтынын білеміз",-деді.
Лавровтың айтуынша, Ресей мен Қазақстанға еуро мен доллар жүйесінен бас тартатын кез келді, өйткені бұл валюталар сенімнен шықты.
Ресейдің Сыртқы істер министрі: "2022 жылдың қаңтар мен қазан аралығында Қазақстанмен екіжақты сауда шамамен 10 пайызға артты. Яғни жылына 22 млрд долларға жетті. Сенімсіздігі дәлелденген валютаны өзара сауда әріптестігінен алып тастайтын кез келді",-деді.