Беларусь Украина соғысына ықтимал араласу үшін әскери жаттығу өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i66180
Ескертілмеген әскери жаттығуда Беларусь қорғаныс министрлігі өз күштерінің Украинадағы соғысқа ықтимал араласуға дайындығын сынады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 13, 2022 17:35 Asia/Almaty
  • Беларусь Украина соғысына ықтимал араласу үшін әскери жаттығу өткізді

Ескертілмеген әскери жаттығуда Беларусь қорғаныс министрлігі өз күштерінің Украинадағы соғысқа ықтимал араласуға дайындығын сынады.

Беларусь Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Минсктің өз күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру үшін әскери жаттығу өткізгенін хабарлады. Бұл әскери оқу-жаттығу Беларусьтің Украинадағы соғысқа араласуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатқан жағдайда өткізілді. Өйткені бұл ел Ресейге әскери жаттығулар өткізу үшін өз территориясын беріп, Мәскеумен де бірлескен әскери күш құрған.