Теһранда Иран мен Никарагуа Сыртқы істер министрлері кездесті
Жел 18, 2022 18:43 Asia/Almaty
Иран мен Никарагуа Сыртқы істер министрлері екіжақты, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің шақыруымен Теһранға келген Никарагуа Сыртқы істер министрі Денис Монкада жексенбі күні таңертең Иран СІМ ғимаратында Амир Абдуллахианмен кездесіп, кеңесті.
Бұдан бұрын 25 қыркүйек Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші жиналысы аясында Иран мен Никарагуа Сыртқы істер министрлері кездесіп, кеңескен болатын.
Никарагуа Сыртқы істер министрінің Теһранға сапары барысында екі ел арасында бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Тегтер