Путин: НАТО-ның барлық әскери әлеуеті Ресейге қарсы пайдаланылды
(last modified Thu, 22 Dec 2022 12:40:41 GMT )
Жел 22, 2022 18:40 Asia/Almaty
  • Путин: НАТО-ның барлық әскери әлеуеті Ресейге қарсы пайдаланылды

Ресей президенті елдің қорғаныс саласының жоғары лауазымды тұлғаларының отырысында НАТО мүше мемлекеттердің әскери әлеуетінің Ресейге қарсы қолданылып жатқанын айтты.


Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин кеше, сәрсенбі күні осы елдің Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуінде Ресей армиясының жауынгерлік әлеуетін арттыру үшін Мәскеудің НАТО қару-жарақ жүйелері және осы одақтың тәжірибесі мен тактикасы туралы білімі мен түсінігін арттыруы керек екеніне назар аудара отырып: «Бүгінде НАТО-ға мүше елдердің барлығының дерлік әлеуеті мен әскери қуаты Ресейге қарсы пайдаланылып жатқаны анық. НАТО күштері мен олар қолданатын техника туралы барлық ақпарат Ресейге белгілі»,- деді.