Украинаның бірнеше рет және негізсіз айыптауына Иран жауап берді
https://itolqyn.com/news/world-i66438-Украинаның_бірнеше_рет_және_негізсіз_айыптауына_Иран_жауап_берді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украина президентінің АҚШ конгресінде Иранға қатысты қайталанған айыптаулары мен әдепсіз мәлімдемелерін айыптап: «Зеленский Иранның негізсіз айыптауларға стратегиялық шыдамдылығы шексіз болмайтынын білуі керек»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 24, 2022 14:55 Asia/Almaty
  • Украинаның бірнеше рет және негізсіз айыптауына Иран жауап берді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украина президентінің АҚШ конгресінде Иранға қатысты қайталанған айыптаулары мен әдепсіз мәлімдемелерін айыптап: «Зеленский Иранның негізсіз айыптауларға стратегиялық шыдамдылығы шексіз болмайтынын білуі керек»,- деді.

Украинадағы соғыстан кейін елдің қорғаныс қабілетін нығайту және Американың соғысқа қолдауын жалғастыру үмітімен Вашингтонға алғаш рет келген Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ конгресінің мүшелерімен кездесуінде тағы да Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы және Мәскеудің ирандық ұшқышсыз ұшақтарды Украина нысандарына шабуыл жасауда қолдануы туралы уәждерін  қайталап,  Ресеймен соғыста АҚШ Конгресінің Украинаны қолдауын талап етті. 

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Канани бейсенбі күні ИИР-ның Украина билігінің ұшқышсыз ұшақтар мәселесіне қатысты негізсіз айыптауларына бірнеше рет жауап қайтарғанына тоқталып, Иранның Украина соғысында пайдалану үшін ешбір тарапқа ешбір әскери құрал-жабдық экспорттамағанын тағы бір мәрте қуаттады.

Біраз уақыттан бері Украина АҚШ және бірқатар еуропалық елдермен бірге Ресей Украинадағы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланды деп уәжденді. Бірақ құжат ұсынбай айтылған бұл уәждер Иран мен Ресейге саяси және экономикалық қысымды күшейту, сондай-ақ соғысты жалғастыру үшін Батыстың Украинаға қару-жарақ жіберуін ақтау сияқты мақсаттарды көздейді. Негізінде Украина дағдарысына қатысты ИИР осы дағдарысқа қатысты белсенді бейтараптық саясатын ұстанатынын бірнеше рет баса айтты. Шындығында, Иран бұл дағдарысқа қатысушы емес және   дағдарыс басталғалы бері екі жақпен достық қарым-қатынасы аясында келіспеушіліктерді шешу және соғыстың жалғасуына жол бермеу үшін екі елді дипломатиялық жолға қайтаруға тырысты. Осыған сүйене отырып, Украина дағдарысынан бұрын жалғасып келе жатқан Иран мен Ресейдің қорғаныс ынтымақтастығы да екіжақты қарым-қатынастар аясындағы әрекет болып табылады, бұл ешқашан Украинаға шабуылға әскери қолдау көрсету дегенді білдірмейді. Дауды шешу үшін Иран Украина тарапымен осы айыптау бойынша сарапшылық кездесулерге де қатысты. Бірақ украиндық тарап кездесуде Ресейдің Украинамен соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғаны туралы ешқандай дәлел келтірмеді. Бұл негізсіз айыптардың тағы бір дәлелі.