Амир Абдуллахиан: Иран ядролық келісімге қатысты қорытынды қадамдар жасауға дайын
https://itolqyn.com/news/world-i66722
Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР ядролық келісімге қатысты қорытынды қадамдар жасауға және зұлым санкцияларды жоюға дайын",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 06, 2023 15:31 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран ядролық келісімге қатысты қорытынды қадамдар жасауға дайын

Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР ядролық келісімге қатысты қорытынды қадамдар жасауға және зұлым санкцияларды жоюға дайын",-деді.

Амир Абдуллахиан бейсенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында: "Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельмен кездесуде ядролық келісімге қатысты қорытынды қадамдар жасауға келістік",-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран жағынан келісім есігі әрдайым ашық",-деді.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ Украина мәселесін саяси жолмен шешу керегін айтып: "Гуантанамо мен Абу-Грейбтегі сорақы жағдайлар және Йемен мен Ауғанстандағы әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар АҚШ-қа басқаларға уағыз айтуға рұқсат бермейді",-деді.