Иран мен Түркіменстанның екіжақты қарым-қатынасын дамыту керегі баса айтылды
Қаң 09, 2023 20:55 Asia/Almaty
Иран мен Түркіменстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынасты дамыту керегін баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан жексенбі күні Түркіменстан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасып, оны Жаңа жылмен құттықтап, екі елді қызықтыратын тақырыптар жөнінде пікір алмасты.
Ол сондай-ақ қос тараптың талпыныстарының арқасында екі ел қарым-қатынасының барлық салаларда одан ары кеңейе түскеніне куә боламыз деп үміт блдірді.
Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов осы сұхбатта екіжақты қарым-қатынасты дамыту үшін келіссөздерді жалғастыра беру керегін баса айтты.
Тегтер