Иран Украинада құлаған тікұшақ салдарынан қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/world-i67040
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Украинаның астанасы Киев қаласында бір балабақшаның үстіне құлаған тікұшақтан қаза тапқандардың жанұяларына қайғырып көңіл айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 19, 2023 20:52 Asia/Almaty
  • Иран Украинада құлаған тікұшақ салдарынан қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтты

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Украинаның астанасы Киев қаласында бір балабақшаның үстіне құлаған тікұшақтан қаза тапқандардың жанұяларына қайғырып көңіл айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани осы оқиғаға байланысты Украина үкіметі, халқы мен қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтып, жарақат алғандардың тез арада жазылып кетуін тіледі.  

Украина армиясының бір тікұшағы Киевтің маңындағы Бровары қаласында бір балабақшаның үстіне құлап, соның салдарынан 18 адам, соның ішінде 2 бала қаза тауып, 26 адам жарақат алды.