Қаң 19, 2023 22:11 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Иран елшісінің АҚШ-тың Иран істер жөніндегі арнайы өкілімен кездескені теріске шығарылды

ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілдігі осы елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Ираванидың АҚШ-тың Иран істер жөніндегі арнайы өкілі Роберт Моллимен кездескені туралы ақпараттарды теріске шығарды.

Кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, Роберт Молли кейінгі екі айда кем дегенде үш рет Иранның БҰҰ-дағы елшісімен кездескен.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілдігі сәрсенбі күні кешке: "Иранның елшісі түрлі саяси қайраткерлер және университет өкілдерімен кездеседі, бірақ америкалық басшылармен келіссөз жүргізген емес",-деп мәлімдеді.

Тегтер