Германия Украинаға "Леопард" танкісін жіберуге қарсы
Қаң 19, 2023 22:32 Asia/Almaty
Германия канцлері Швейцарияның Давос қаласында өткен дүниежүзілік экономикалық форумда Украинаға "Леопард" танкісін жіберу туралы күмәнмен сөйлеп: "Украина соғысы НАТО мен Ресейдің текетіресіне айналмауы тиіс",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Олаф Шольц сәрсенбі күні Давос экономикалық форумында Украинаға көбірек әскери қолдау көрсетуге міндеттеме алды, бірақ "Леопард" танкілерін беруге күмән келтірді.
Олаф Шольц: "Біз Украинаға көп қару жібердік. Бұл өте маңызды. Қажетінше Киевті қолдайтын боламыз",-деді.
Германия канцлері өз сөзінде: "Ресей Украинаға шабуылдарында сәтсіздікке ұшырауы тиіс. Сонда соғыс аяқталады",-деді.