Қаң 24, 2023 18:56 Asia/Almaty
  • Иран жуырда Еуропа пен Ұлыбританияда лаңкестікті насихаттап жатқандарға қарсы жаңа санкциялық тізім жариялайды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Еуроодақ пен Ұлыбританияны Иранның бірқатар жеке және құқықтық тұлғаларына қарсы санкция салғаны үшін айыптап: "Иран жуырда Еуропа пен Ұлыбританияда адам құқығын бұзғандар мен лаңкестікті насихаттап жатқандарға қарсы жаңа санкциялық тізім жариялайды",-деді.

Батыс елдерінің Иранмен жауласу ұстанымының жалғасында 2023 жылы 23 қаңтарда Еуропа кеңесі Иранның 37 азаматын, Ұлыбританияның СІМ 7 ирандықты санкциялық тізімге қосты.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Канани Иранның  Еуроодақ пен Ұлыбритания режиміне қарымта жауап беру құқығына ие екенін айтып: "Бұл әрекет олардың Ирандағы жағдайды дұрыс түсінуге қауқарлары жетпейтінін және исламдық республиканың айбынынан абдырап қалғанын көрсетеді",-деді.

Тегтер