Қаң 25, 2023 15:29 Asia/Almaty
  • Гросси  ақпанда Иранға сапар шегеді

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бас директоры сейсенбі күні ақпан айында Иранға баратынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Брюссельге барған Рафаэль Гросси Еуропа Одағының штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында осы мәселені көтеріп, Иранның қорғаныс келісімдері аясындағы міндеттемелерін орындауына қатысты күрделі көрініс бар деп мәлімдеді. Ол: «Олар бірқатар міндеттемелерін орындауда, бірақ әлі де бізге маңызды түсініктемелер беруге міндетті»,- деді.

Агенттіктің бас директоры Иранға сапары барысында болжамды қорғаныс мәселелері саласында ілгерілеушілікке қол жеткізілетініне үміт білдірді.